Ақтауда автомобиль өртенді. Оқиға 16 ықшамауданындағы "Керемет" тұрғын үй кешеніндегі № 49 үйдің алдында болған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды "Лада"

1995 жылғы SAAB маркалы автомобиль 14 қыркүйекте шамамен 19:00-де өртенген.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, көліктің қозғалтқыш бөлігінде өрт шыққан.
"Өрт 19:21-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Жеке құрамның бес адамы мен бір арнайы техника жұмылдырылды", - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.