02 қараша 2015 | 12:01

Ақтауда әйелін өкпелеткен жігіт сатушыны ұрып-соғып, 50 раушан гүлін алып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© lipetsk.doski.ru © lipetsk.doski.ru

Ақтауда белгісіз біреу гүл сатушыны ұрып-соғып, 50 тал раушан гүлін тартып әкеткен, - деп хабарлайды Lada.kz басылымы құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда белгісіз біреу гүл сатушыны ұрып-соғып, 50 тал раушан гүлін тартып әкеткен, - деп хабарлайды Lada.kz басылымы құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

Оқиға 30 қазанда Ақтаудың 26 ықшамауданындағы "Достық" дүкенінің маңында болған. 56 жастағы гүл сатушы полицияға хабар беріпті. Ол өз қарамағында жұмыс істейтін сатушы жігітті белгісіз ер адамның соққыға жыққанын айтқан. 

Ер адам сатушыға келіп, гүл шоғын сыйлауын сұрайды, бірақ ол оған қарсы болады. Осы кезде ер адам сатушыны ұрып-соғып, 50 раушан гүлін алып кеткен. Полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, бірнеше сағаттан кейін күдіктіні ұстайды. Ол Ақтаудағы 27 ықшамауданынының 30 жастағы тұрғыны болып шығады. Күдіктінің айтуынша, ол түні бойы үйінде болмай, таңға жуық оралғаны үшін әйелін ренжідіге балап, оған гүл апармақшы болған. Бірақ оның гүл сатып алуға ақшасы болмаған. Қазіргі уақытта оған қатысты "Тонау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети