Ақтауда балаларының көзінше әйелін ұрып-соққан ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда балаларының көзінше әйелін ұрып-соққан ер адам ұсталды видео кадры

Маңғыстау облысының Полиция департаменті Ақтауда тұрғын үй кешеннің бірінде балаларының көзінше әйеліне қол көтерген ер адамның ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ладаға" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысының Полиция департаменті Ақтауда тұрғын үй кешеннің бірінде балаларының көзінше әйеліне қол көтерген ер адамның ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ладаға" сілтеме жасап.

Ведомство күдіктінің полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалғанын атап өтті.

"Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Ақтаудағы бейнебақылау камерасына ер адамның балаларының көзінше әйеліне жасаған шабуылы түсіп қалғаны хабарланған болатын.

Кадрлардан ер адам әйелдің қолын бұрап, аузын жауып тұрғанын көруге болады. Кейін ер адам өздерін ешкім көріп тұрмағанына көз жеткізу үшін айналасына қарайды. Кадрда үй тұрғындарының бірі пайда болады. Бұл ер адамның ұрып-соғу іс-әрекетін біраз уақытқа тоқтатады.

Оқиға лифтте жалғасады. Мұнда әйелдің қорқынышты айқайы мен балалардың жылауы естіледі. Бір сәтте жәбірленуші шабуылдаушыны лифттен шығарып жібереді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети