Ақтауда банкке пышақпен кіріп, жұртты шошытқан ер адам видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Ақтауда ер адам банкке келушілерді пышақпен қорқытқан. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтауда ер адам банкке келушілерді пышақпен қорқытқан. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтау Полиция басқармасы мәліметінше, оқиға 16 қаңтарда болған. Белгісіз ер адам ішкілік ішкен күйде 31А шағынауданы №14 мекенжайындағы "Халық банк" бөлімшесінде тұрған адамдарға пышақ көрсетіп, қарақшылық шабуыл жасағаны анықталған.

"Жедел іздестіру нәтижесінде Ақтау қаласы ПБ қызметкерлерімен 43 жастағы ер адам қолға түсіп, қамауға алынды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.95   552.93   5.68 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети