18 қараша 2021 | 14:34

Ақтауда бес көлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасы: БАҚ-та жаңа деректер жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: lada.kz Фото: lada.kz

Lada.kz журналистері 16 қарашада түстен кейін Ақтауда болған ірі жол апатының жай-жапсарын білді. Зардап шеккен көлік иелеріне тұрақ ережесін бұзды деп айыппұл салынған. Олардың айтуынша, жол апатына кінәлі қызда көлік жүргізу куәлігі де жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Lada.kz журналистері 16 қарашада түстен кейін Ақтауда болған ірі жол апатының жай-жапсарын білді. Зардап шеккен көлік иелеріне тұрақ ережесін бұзды деп айыппұл салынған. Олардың айтуынша, жол апатына кінәлі қызда көлік жүргізу куәлігі де жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көлік иелерінің айтуынша, Mitsubishi Pajero көлігіндегі жүргізуші алдымен күміс түсті Toyota Camry көлігіне соғылған. Одан кейін ақ түсті Toyota Camry-ді қаққан. Содан кейін қара Lexus көлігін соғып, ол жол жиегіне аударылып қалған. Соққыдан алдыда келе жатқан Hyundai Sonata және Opel Vectra көліктері зақымданған.

Оқиғаның алғашқы куәгері күміс түсті Toyota Camry көлігінің иесі. Көліктің дабыл қаққышы іске қосылғанда әйел дереу ұлымен бірге сұлулық салонынан жүгіріп шыққан. Ол аударылып жатқан Mitsubishi Pajero көлігінің жүргізушісін оқиға куәгерлері мен өтіп бара жатқан адамдар көліктен шығарып алғанын көрген.

"Ол есін білетін, телефон арқылы біреуге қоңырау шала бастады. Ауыр жараланған адамға ұқсамады, сол жерде өз аяғымен жүрді. Кейін жедел жәрдем келіп, оны ауруханаға алып кетті. Дәрігерлер тексергеннен кейін қайтып келіп, полицейлер көлігінде отырды", - деді зардап шеккен көліктің иесі.

Зардап шеккен бес көлік жүргізушісінің айтуынша, олар оқиға орнында шамамен үш сағат болған. Осы уақыт ішінде бірде-бір полицей оларға келіп, құқығын түсіндірмеген.

"Полиция қызметкерлері бізден түсініктеме алып, көлікті дұрыс емес жерге қойғанымызға айыппұл салды. Кейін бізге автотехникалық сараптама жүргізуден бас тартатынымыз туралы құжатқа қол қойғызды. Оны кінәлі адам қашып кетпегендігімен түсіндірді", - дейді жүргізушілер.

Кейін зардап шеккен көлік иелері заңгермен кеңесіп, ол автотехникалық сараптамадан бас тарту болашақта апаттың нақты себебін анықтау мүмкіндігін айтарлықтай қиындататынын білген.

Сонымен қатар, олардың айтуынша, зардап шеккен бес көліктің жүргізушілерінен бос бланкілерге қол қойдыртып алмақ болған, бірақ олар бас тартқан. Содан олар инспекторлармен бірге жол полициясы бөліміне барған.

Сурет: lada.kz

Зақымдалған көлік иелері адвокат жалдауға ниетті, олардың айтуынша, оған кемінде 500 мың теңге кетеді.

"Сол күні кешке жол-көлік оқиғасын жасаған қыз кездесуге келісті, бірақ соңғы сәтте телефон арқылы көлікті дұрыс емес жерге қойғанымызды айтып, бас тартты", - дейді жүргізушілер.

Алдын ала болжам бойынша жалпы шығын бес миллион теңге. "Жол апатына кінәлі сақтандыруға енгізілген жағдайда өтелетін еді. Бұл жағдайда сақтандыру қолданылмайды", - деп қорытындылады жәбірленушілердің бірі.

Басылым облыстық полиция департаментінен ресми түсініктеме күтеді.

Бұған дейін Ақтауда жол апаты 16 қарашада 17-шағынауданда болғаны хабарланған еді. Жүргізуші қыз Mitsubishi Pajero көлігін жүргізіп келе жатып бес автокөлікті соққан: Lexus, Toyota Camry, Opel Vectra және Hyundai Sonata.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети