20 мамыр 2019 | 11:07

Ақтауда бес көлік соқтығысты: Полицейлер оқиғаның мән-жайын айтты

© lada.kz

Ақтау қаласындағы "Ақ Қала Молл" ойын-сауық сауда орталығының маңында болған жол апаты дерегіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша хаттама толтырылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды "Лада". 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтау қаласындағы "Ақ Қала Молл" ойын-сауық сауда орталығының маңында болған жол апаты дерегіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша хаттама толтырылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды "Лада". 

Осы хаттаманың негізінде, ведомство мәліметінше, осы іс бойынша нақты шешім Ақтау қалалық әкімшілік сотында шығарылады екен. 

Реклама
Реклама

Жол апатынан бір бала зардап шеккен еді. Ол Маңғыстау облыстық ауруханасының травматологиялық пунктіне жеткізіліп, қажетті емдеу шараларынан кейін үйіне жіберілді. 

Айта кетейік, жол-көлік оқиғасы 17 мамырда "Ақ Қала Молл" ойын-сауық сауда орталығының маңында болған. Бес автокөлік бір-біріне соқтығысқан: ВАЗ-2114, Mercedes-Benz, Nissan Tiida, Toyota Land Cruiser Prado және Kia Cerato.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная