Түркістан: Сарыағашта білім ұясының 100 жылдығы атап өтілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Сарыағаш қаласында орналасқан №1 М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 100 жылдық мерейтойына арналған "Ғасыр белесіндегі білім ордасы" атты салтанатты шара өтті. Салтанатты жиынға ардагер ұстаздар, мектеп түлектері, мектеп оқушылары, ұстаздар, ата-аналар және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сарыағаш қаласында орналасқан №1 М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 100 жылдық мерейтойына арналған "Ғасыр белесіндегі білім ордасы" атты салтанатты шара өтті. Салтанатты жиынға ардагер ұстаздар, мектеп түлектері, мектеп оқушылары, ұстаздар, ата-аналар және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Алдымен қазақ әдебиетінің классигі М. Әуезовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Білім ордасының үздік түлектерінің бірі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйенова мерекелік жиынға арнайы қатысып, жиналған жұртшылықты құттықтады. Сонымен қатар Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев білім ордасының ұжымын құттықтап, ұлағатты ұстаздарды білім жолындағы ерен еңбектері үшін облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.

Салтанатты шара аудандық мәдениет үйінде жалғасып, аудан әкімі Арман Абдуллаев ғасырлық тарихы бар білім беру ордасының ұжымын құттықтап, ұстаздық жолдағы озаттарды марапаттады. Мерекелік шара барысында мектептің түлегі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, "Тәшенев университеті" АҚ Басқарма басшысы Оңалбай Аяшев та бірқатар ұстазды марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.

Салтанатты шара соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары және мектеп-гимназия ұстаздары мен оқушыларының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Білім ордасының қабырғасында елге белгілі түлектер білім алып, елге қызмет етуде. Жалпы бір ғасырлық тарихы бар, қара шаңырақ атанған №1 М. Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында бүгінде 1733 оқушы білім алып, оларға 175 педагог білім беріп жатыр.

Tengrinews
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.7  course up  589.98  course up  6.39  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer