Ақтауда бір әйел белгісіз жағдайда қаза тапты, - деп хабарлайды "Лада".
Ақтауда бір әйел белгісіз жағдайда қаза тапты, - деп хабарлайды "Лада".
Қаза болған әйелді көшедегі адамдар 1 ақпанда шамамен сағат 17.00-де 5-ықшамауданда тауып алды. Оқиға орнына келген дәрігерлер мен полицейлер өлім себебін айта алмады. Әйел жарақат алғаннан қайтыс болған, бірақ нақты қайда, қалай жарақат алғаны жайлы мәліметі жоқ.
Жедел жәрдем қызметкерлері әйелдің биіктен құлап өлуі мүмкін екенін хабарлады. Полицейлер де келіншектің суицид жасауы мүмкін деген болжам жасады, бірақ кейін куәгерлердің бірі оның әйедің қасында автомобиль тұрғанын айтты. Одан ер адам шығып, қаза болған әйелге қарағаннан кейін тез арада кетіп қалған. Оқиға орнына жиналғандар әйелді көлік соғып кетуі мүмкін деген нұсқаны жария етті.
Осы ауданның тұрғындары болса бұл әйелді танымайтынын, сондықтан оның басқа қаладан келуі мүмкін екенін айтты.