02 тамыз 2015 | 16:17

Ақтауда бір әйел такси көлігінен құлап қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Lada.kz ©Lada.kz

Ақтауда бір әйел такси көлігінен құлап қалып, жарақат алды, - деп хабарлайды "Лада" басылымы құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда бір әйел такси көлігінен құлап қалып, жарақат алды, - деп хабарлайды "Лада" басылымы құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап.

Такси жүргізушісі жолаушы әйел отырып үлгермей жүріп кеткен. Оқиға Ақтаудың 14 ықшамауданындағы 16 үйге қарама-қарсы жерде болды.

"Audi 100 көлігінің 20 жастағы жүргізушісі жолаушы әйелді өлтіре жаздады. 4 ауданның тұрғыны такси қызметін ұсыну арқылы нәпақа тауып, жүріп, жол жиегінде бір әйелді көреді. Жүргізуші клиентпен келіскеннен кейін оны көлігіне отырғызып жатқан. Алайда жолаушы отырып үлгере алмай қалады. Көлік дереу қозғалып кетіп, әйел машинадан түсіп қалды", - деді жол-патрульдік полиция өкілдері.

41 жастағы әйел түрлі жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Ол дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне қайтарылды. Оқиға дерегі бойынша тексеріс жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети