Ақтауда бірнеше көлікті талқандады деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды "Лада" басылымы. Бұл туралы Ақтау қалалық ІІБ басшысының орынбасары Асхат Омаров айтты.
Ақтауда бірнеше көлікті талқандады деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды "Лада" басылымы. Бұл туралы Ақтау қалалық ІІБ басшысының орынбасары Асхат Омаров айтты.
Жедел-іздестіру шаралары барысында ІІБ қызметкерлері 23 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған. Ұсталған ер адам кінәсін толықтай мойындады. "Ұсталған ер адам кінәсін мойындады. Сондай-ақ, оның ешқандай да наркологиялық немесе психневрологиялық мекемелерде есепте тұрмағаны, үйленбегені анықталды. Оны сипаттап берген куәгер де табылды. Қылмыскер ізін суытпай тұрып ұсталды. Сонымен қатар, оның сол сәтте мас күйде болғаны анықталды. Талқандалған көліктерден ештеңе де ұрланбаған", - деді Ақтау қалалық ІІБ басшысының орынбасары.
Оның айтуынша, көліктері бүлінген төрт адам полицейлерге арыз жазған. Ал келтірілген шығынның жалпы көлемі шамамен 500 мың теңге екен.
"Ақтаудағы 35-ші ықшамауданда болған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ереже бұзған адам 2000 айлық көрсеткіш көлеміндегі айыппұл немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деді Ақтау қалалық ІІБ басшысының орынбасары.
Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Ақтауда белгісіз біреулер бірнеше көлікті талқандап кеткен болатын. Көліктердің терезелері сынған, ал кейбіреулерінің айналары жұлынып кеткен. Тіпті кейбір көліктердің ішінде тастар да жатқан. Сондай-ақ, көліктердің бірінде қан іздері де болған.