27 қаңтар 2015 | 13:23

Ақтауда cарбазды ұрған әскериге қатысты қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Ақтауда қатардағы жауынгерді жұдырықтаған кіші сержанттың үстінен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтау гарнизоны әскери сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда қатардағы жауынгерді жұдырықтаған кіші сержанттың үстінен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтау гарнизоны әскери сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, кіші сержантқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 451-бабы 1-бөліміне сәйкес қозғалған қылмыстық іс сотқа 26 қаңтар күні келіп түскен. Ол ҚР Қорғаныс министрлігі 30153 әскери бөлімінің материалды - техникалық қамтамасыз ету ротасы күзет және қорғау атқыш - зениттік взводының (атқыш-зенитші) сарбазы лауызымында қызметте жүріп, қатардағы жауынгерге өзіне қарай келуін бұйырған. Алайда жауынгер оның бұйрығын естімей, киім кептіру бөлмесіне кіріп кетеді. Осыдан кейін кіші сержант оған жұдырық ала жүгіріпті.

"Кіші сержант жауынгер бұйрығымды орындамады деп түсініп, киім кептіретін бөлмеге кіріп, оның оң жақ бетінен сол қолының жұдырығымен бір рет ұрып, нәтижесінде жауынгердің жоғарғы ернінің соғылған жарақаты мен жұмсақ тінінің соғылуы түрінде денсаулығына жеңіл залал келтірді", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, кіші сержантқа қатысты қылмыстық іс бүігн, 27 қаңтар күні Ақтау гарнизоны әскери сотымен өндіріске қабылданды, енді қылмыстық іс бойынша негізгі сот талқылауы 4 ақпанда өтеді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети