© Tengrinews.kz
Ақтауда ішімдік ішкен емделуші жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жықты, - деп хабарлайды "Лада".
Ақтауда ішімдік ішкен емделуші жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жықты, - деп хабарлайды "Лада".
Оқиға 3 мамыр күні кешке болған. Дәрігерлер бригадасы қаладағы ықшамаудандардың біріне шақырту бойынша барады. Дәрігерлерді шақырған әйел ұлының мас екенін айтқан екен. Фельдшерлердің өтініші бойынша жүргізуші бригадамен бірге үйге кірген. Үйде мас емделуші дәрігерлерге шабуылдап, жүргізушіні соққыға жығады.
Оқиға болған жерге қосымша бригада барды. Жедел жәрдемнің жәбірленген жүргізушісі түрлі жарақатпен травматологиялық бекетке жеткізілді.