Ақтауда ер адам бес миллион теңгесімен көшеде ұйықтап қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда ер адам бес миллион теңгесімен көшеде ұйықтап қалған ©️ lada.kz

Ақтауда ер адам бес миллион теңгесімен көшеде ұйықтап қалған. Полицей оны тауып, бөлімшеге апарды, - деп хабарлайды "Лада"


Ақтауда ер адам бес миллион теңгесімен көшеде ұйықтап қалған. Полицей оны тауып, бөлімшеге апарды, - деп хабарлайды "Лада"

Бұл ер адам көлігін сатқаннан кейін өзінде болған ақшасы. Оқиға 24 қаңтарда Ақтаудағы бесінші ықшамауданда болған.  

"Үйлердің маңында учаскелік инспектор көшеде бір бума ақшасы бар мас ер адам ұйықтап жатқанын көрген. Мұрат Мақсат ер адамды оятып, оны тірек пунктіне апарды. Ер адам көлігін сатып, артынша соны жуып бергені анықталды", - деп жазды басылым. 

Ер адамды тірек пунктінен жақындары алып кеткен. Бірақ ер адамға қатысты қоғамдық орында мас күйде жүргендіктен әкімшілік хаттама толтырылды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети