Ақтауда ер адам көлігімен итті қағып кетпек болған

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау тұрғындары ер адамның әрекетін видеоға түсіріп алған. Куәгерлердің айтуынша, ол алдымен иттерге тас лақтырып, кейін көлікке отырған. Сөйтіп, оларды әдейі көлікпен қағып кетуге тырысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Видеода көлік жүргізушісі итті қағып кету үшін әдейі маневр жасағаны көрінеді.

Портал мәліметінше, оқиға 17 наурызда шамамен 16.30-да 1-шағынаудан жағалауында болған.

"Оны барлық әкімшілік бап бойынша жауапқа тартады деп үміттенеміз. Ер адам көліктен шығып, иттерге тас лақтыра бастады, содан кейін қайта көлікке отырды да, әдейі қағып кеткісі келді. Оны видеоға түсіріп жатқанымызды көрген соң, бізді балағаттай бастады", - деді Ақтау тұрғындары.

Қазір патрульдік полиция қызметкерлері тәртіп бұзушының кім екенін анықтады. Қазір ол жауапкершілікке тартылып жатыр. Қабылданған шешім туралы ақпарат қосымша хабарланатыны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.05  course down  595.85  course down  6.55  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети