Ақтауда ер адамды құтқарған сәтті полицей жетоны видеоға түсіріп алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда ер адамды құтқарған сәтті полицей жетоны видеоға түсіріп алған Видеодан алынған кадр

Ақтауда ер адам жұбайы мен балаларының көзінше өзіне қол салмақшы болды. Оны құтқару сәті полицейдің видеожетонына жазылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда ер адам жұбайы мен балаларының көзінше өзіне қол салмақшы болды. Оны құтқару сәті полицейдің видеожетонына жазылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz порталына сілтеме жасап.

Оқиға 7 мамыр, сағат 17:12-де болған.

"102" кезекші пультіне Ақтаудағы 3-ықшамауданда орналасқан №61 үй тұрғынынан хабар келіп түскен. Әйел адам жолдасының өзіне қол салғалы жатқанын хабарлапты.

"Шақыру бойынша жеткен полицейлер пәтерге кіруге тырысты, алайда есік жабық болды. Олар балалар мен әйелдің айғайлаған дауыстарын естіді. Бірнеше минуттан кейін пәтердің есігі ашылып, полиция қызметкерлері ішке кіріп, белбеуге асылып тұрған ер адамды көрген. Олар жылдам әрекет етіп, оны босатып алды. Ер адамның мұндай әрекетке неліктен барғаны белгісіз", - деді Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Жағдайды одан әрі анықтау үшін ер адам Ақтау полиция басқармасына жеткізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети