1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Ақтауда ер адамды құтқарған сәтті полицей жетоны видеоға түсіріп алған 08 мамыр 2021, 18:46

Ақтауда ер адам жұбайы мен балаларының көзінше өзіне қол салмақшы болды. Оны құтқару сәті полицейдің видеожетонына жазылып қалды, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Ақтауда ер адам жұбайы мен балаларының көзінше өзіне қол салмақшы болды. Оны құтқару сәті полицейдің видеожетонына жазылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz порталына сілтеме жасап.

Оқиға 7 мамыр, сағат 17:12-де болған.

"102" кезекші пультіне Ақтаудағы 3-ықшамауданда орналасқан №61 үй тұрғынынан хабар келіп түскен. Әйел адам жолдасының өзіне қол салғалы жатқанын хабарлапты.

"Шақыру бойынша жеткен полицейлер пәтерге кіруге тырысты, алайда есік жабық болды. Олар балалар мен әйелдің айғайлаған дауыстарын естіді. Бірнеше минуттан кейін пәтердің есігі ашылып, полиция қызметкерлері ішке кіріп, белбеуге асылып тұрған ер адамды көрген. Олар жылдам әрекет етіп, оны босатып алды. Ер адамның мұндай әрекетке неліктен барғаны белгісіз", - деді Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Жағдайды одан әрі анықтау үшін ер адам Ақтау полиция басқармасына жеткізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Firebase Cloud Messaging