Ақтауда жаңа қоқыс контейнерлері жер астына түсіп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда жаңа қоқыс контейнерлері жер астына түсіп кетті "Рахат 2" тұрғыны/Lada.kz

Ақтауда жаңа жерасты қоқыс контейнерлері жер астына түсіп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда жаңа жерасты қоқыс контейнерлері жер астына түсіп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға "Рахат-2" тұрғын үй кешені маңында, 19-шағынауданда болған. Тұрғындардың айтуынша, жауын-шашын көп жаууына байланысты топырақ шайылып, жаңа жерасты қоқыс жәшіктері жер астына түсіп кеткен.

Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі өкілі бұл мәселемен ТКШ бөлімі айналысып жатқанын мәлімдеді. Ал жауапты ведомство мердігерге бәрін бастапқы күйіне келтіруді тапсырған.

Оқиға орнында қоршаулар орнатылған. Шенділердің сөзінше, қалпына келтіру жұмыстары ауа райы тұрақталғаннан кейін жүргізіледі.

Қалалық әкімшілік өкілдері мердігер ұйымның атын атамады. Бұл жұмыстарға бөлінген сома да әлі белгісіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети