25 маусым 2021 12:01

Ақтауда жәндіктерді улаймын деп екі адамды өлтіріп алған әйел сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz. Фото: Tengrinews.kz.

Ақтау қалалық соты жәндіктерді улаймын деп екі адамды өлтіріп алған әйелдің ісі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақтау қалалық соты жәндіктерді улаймын деп екі адамды өлтіріп алған әйелдің ісі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотының баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, мемлекеттік айыптаушы сотталушыға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған және жәбірленуші тарап прокурордың айыптауымен келіскен.

Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрап, соттан бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.

Ақтау қалалық соты істі ҚР ҚК-нің 304-бабы 3-бөлігі бойынша қараған. Сотталушының қылмыстық әрекеттері сот тергеуінде жан-жақты, толық және объективті түрде зерттелген дәлелдемелермен толық негізделуіне және қылмыстық әрекеттің ауыр қылмыстар санатына жататынына байланысты айыптау үкімі қабылданды, делінген сот хабарламасында.

"Сот үкімімен айыпталушы Е-ге 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыра отырып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде өтеу жазасы тағайындалды", - делінген сот үкімінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, биыл ақпанда Ақтау тұрғыны пайдалануға тыйым салынған "Квикфос" улы препаратымен үйіне дезинфекция жасап, ол туралы көршілеріне алдын ала ескертпегені хабарланған болатын. Нәтижесінде улы иіс көрші пәтерлерге таралып, одан бір үйде тұратын он айлық сәби мен оның анасы уланып қайтыс болды. Бірнеше тұрғын жансақтау бөліміне түскен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети