Ақтауда "жедел жәрдемнің" жүргізушісі жасөспірімді қағып, жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кетті, - деп хабарлайды "Лада". Бұл Ақтауда соңғы кездері "жедел жәрдемнің" қатысуымен болған екінші жанжалды оқиға.
Ақтауда "жедел жәрдемнің" жүргізушісі жасөспірімді қағып, жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кетті, - деп хабарлайды "Лада". Бұл Ақтауда соңғы кездері "жедел жәрдемнің" қатысуымен болған екінші жанжалды оқиға.
Жол-көлік оқиғасы Ақтаудағы 3-ықшамауданда орналасқан энергетикалық колледждің жанында 5 наурызда болды. "Жедел жәрдемнің" жүргізушісі 16 жастағы жасөспірімді қағып кетіп, тоқтамастан оқиға орнынан қашып кетті. Жол-көлік оқиғасынан жарақат алып, жараланған 15-ықшамауданның тұрғыны ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жасөспірім үйіне жіберілді.
Жол-көлік оқиғасына кінәлі адам сол күні ұсталды. Ол - Мұнайлы ауданы Гранит ауылының 27 жастағы тұрғыны. "Бұл факт бойынша қазір тексеріс жүргізіліп, сараптама тағайындалды, материалдар жиналып жатыр. "Жедел жәрдемнің" жүргізушісінен ешқайда кетпеуі туралы қолхат алынды", - деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Әлия Шермағамбетова.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтауда "жедел жәрдем" жүргізушілері бастықтарын тойларға таситынын айтқаннан кейін БАҚ-тың назарына іліккен еді. "Біздің ауысымда барлығы 17 көлік бар. Кейде шақыртуларға үлгермейміз, ал біздің басшы отбасын алып Жаңаөзенге тойға кетті. Оны біздің жүргізуші Амандық Мұратқали жұмыс кезінде апарып тастады. Бас дәрігерді алып қайту үшін күні бойы күтіп отырды", - деді жүргізуші Көңлімқос Сәрсенов. Жұмысшылар 60 мың теңге еңбекақы мен сыйақының жоқтығына наразылығын білдірді.