03 желтоқсан 2021 15:46

Ақтауда жаяу жүргіншіні қағып кеткен көлік видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолында кетіп бара жатқан Ақтау тұрғынын қағып кеткен видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.


Желіде көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолында кетіп бара жатқан Ақтау тұрғынын қағып кеткен видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 2 желтоқсанда болған. Кадрларда асқан жылдамдықпен келе жатқан көлік жаяу жүргіншілер жолына шығып, ағаштарды сындырып өтеді де, ары қарай жаяу жүргіншілер жолындағы қызды қағып кетеді. Бейнежазбаға қарағанда, тағы бірнеше жаяу жүргінші шетке секіріп үлгерген.

Маңғыстау облысының полицейлері 2 желтоқсанда сағат 21.53 шамасында 12-ықшамауданда 70-үйдің артындағы жол апаты туралы қоңырау түскенін хабарлады. Toyota Sienna жүргізушісі рульді басқара алмай, жол жиегіне шығып кетіп, жаяу жүргінші жолағындағы адамды қағып кеткен.

"Жарақаттанған 28 жастағы қыз Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлiк құралын пайдалану ережелерiн бұзуы") бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді", - деді облыстық полиция департаменті өкілдері.

Бойжеткен ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети