18 шілде 2018 | 13:17

Ақтауда жезөкшелер моншаға бару үшін қулық ойлап тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

43 жастағы әйел жеңгетайлықпен айналысып, қылмыстық істің фигуранты болды, - деп хабарлайды Tumba.kz Ақтау қалалық сотының судьясы Марет Ковраеваға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

43 жастағы әйел жеңгетайлықпен айналысып, қылмыстық істің фигуранты болды, - деп хабарлайды Tumba.kz Ақтау қалалық сотының судьясы Марет Ковраеваға сілтеме жасап.

"Әйел Приморский ауылындағы моншалардың бірінде жұмыс істеген, сондай-ақ, ол клиенттерге ойын-сауық ұйымдастырумен айналысқан. Ер адамдарға жас жезөкшелерді ұсынып отырған. Полицейлердің кез келген уақытта келіп қалуы мүмкін екенін білген ол жезөкшелерге "Кешір" деп жазылған хабарлама жіберген. Сол кезде жезөкшелер бірден баняға қарай келген", - деп жазады басылым.

Кейінірек полиция өкілдері әйелдің қалай табыс тауып жүргенін анықтады.

Басылымның мәліметінше, әйел ұсталған күні клиенттерінің біріне бірден екі жезөкшені жеткізген. Ол үшін әйел 6 мың теңге көлемінде ақша алған.

Осылайша, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы ("Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық") бойынша сотталды.

"Сотталушы кінәсін толықтай мойындады, өз ісіне өтініп, қатаң жазаланбауын сұрады. Соттың үкімімен ол шартты түрде бір жылға сотталды", - деді судья Марет Ковраева.

Әйел адам енді пробациялық бақылауда болады, сондай-ақ, оған белгілі бір жерлерге баруға, полицияға ескертпей мекенжайы мен жұмыс орнын ауыстыруға тыйым салынды. Мұнымен қоса, оның осыған дейін сотты болғаны айтылады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети