02 желтоқсан 2014 | 13:05

Ақтауда жоғалып кеткен 14 жастағы қыз табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жоғалған Жұпар Абдуллаева. Фото Лада Жоғалған Жұпар Абдуллаева. Фото Лада

Ақтауда 28 қарашада із-түссіз жоғалып кеткен 14 жастағы Жұпар Абдуллаева желтоқсанның 2-сіне қараған түні табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда 28 қарашада із-түссіз жоғалып кеткен 14 жастағы Жұпар Абдуллаева желтоқсанның 2-сіне қараған түні табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Әлия Шермағамбетованың мәлімдеуінше, қызды құқық қорғау органы қызметкерлері тапқан.

"Желтоқсанның 1-інен 2-сіне қараған түні сағат 01:00 шамасында үшінші ықшамауданда жолдан өтіп бара жатқан оны құқық қорғау органы қызметкерлері киімінен таныған. Қыздың айтуынша, ол қорыққандықтан үйіне оралмаған. Қыз бірер күн бұрын мектептегі сабағына бармаған. Сол үшін ата-анасы ұрсуы мүмкін деп қорыққан. Оған ештеңе болмаған, ол дұрыс отбасынан шыққан. Қалта телефонының батареясы отырып, сөніп қалған, ол жертөлелерде қонған, тамақтанбаған, тек дүкеннен сатып алған суды ғана ішкен", - дейді баспасөз хатшысы. Оның айтуынша, ата-анасы қыздарының табылғанына қуанышты және оған ұрыспайтындарын жеткізген. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Жұпар Абдуллаеваның 28 қарашада таңертең ерте үйден шығып, қайтып оралмағаны хабарланған болатын. Қыз мектепке баруы тиіс болған, бірақ мектеп басшылығы оның сабақта болмағанын айтқан. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети