Осыдан екі күн бұрын жоғалып кеткен Қырмызы Энепияева Түркістаннан табылды, - деп хабарлайды Lada.kz.
Осыдан екі күн бұрын жоғалып кеткен Қырмызы Энепияева Түркістаннан табылды, - деп хабарлайды Lada.kz.
Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Қырмызы Энепияева осыған дейін жолсерік болып жұмыс істеген. Бұл жолы ол Түркістанға билетсіз мініп кетуді шешкен. Ақтау қалалық ІІБ криминалдық бөлімінің қызметкерлері оны бұрынғы топтасының үйінен тапқан.
"Қазіргі уақытта Қырмызы Энепияеваның жағдайы дұрыс, аман-есен. Туыстары оны өздері алып кетті", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Еске сала кетейік, мұның алдында Ақтауда жоғалып кеткен 21 жастағы қыздың іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын. Қыздың туыстары оны соңғы рет 10 шілдеде базардан көргендердің бар екенін айтқан еді.