31 мамыр 2018 08:45

Ақтауда жол бойында төбелескен әйелдердің видеосы Желіде жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Instagram желісіндегі na_dorogah_aktau парақшасында екі әйелдің төбелескен сәтінде түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды "Лада". Видеода екі әйелдің аарсында жанжал шығып, бірін-бірі итеріп, шашынан тартқаны түсірілген. Оларды кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар ажыратуға тырысқан. 

ИнАктау порталының мәліметінше, оқиға 26 мамырда сегізінші ықшамауданындағы "Медеу" дүкені маңында болған. Сатушылардың айтуынша, сол күні Түркменстан азаматшасы жұмысқа орналасуға келген. Әйелге жұмыс орны бос еместігі, қызметкерлердің жеткілікті екені айтылған, алайда әйел осыны жүрегіне қатты қабылдаса керек. 

"Ол бізді балағаттай бастады. Сосын жұдырық ала жүгірді", - дейді дүкен қызметкері. 

Куәгерлер төбелескендерді ажыратуға асыққан, алайда ер адамдарға төбелесіп жатқан екі әйелді ажырату оңайға соқпады. "Біздің бір сатушымыздың беті ісіп кетті, ол полицияға арыз берді", - дейді сатушылар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети