Ақтауда жолды сыпырып жүрген әйелді көлік қағып кетті, деп хабарлады Lada.kz.
Ақтауда жолды сыпырып жүрген әйелді көлік қағып кетті, деп хабарлады Lada.kz.
Оқиға бүгін, 11 ақпанда сағат 12.00 шамасында 11 "А", 12 "А", 26 және 27 ықшамаудандарының қиылысында болды.
Полицейлердің айтуынша, "Қала жолдары" мекемесінің қызметкері жолдың жүретін бөлігін сыпырып жүрген.
Осы кезде 11 "А" және 12 "А" ықшамаудандарының арасында қалалық базарға қарай Mercedes-Benz автокөлігі өтіп бара жатқан.
Mercedes-Benz жүргізушісінің айтуынша, ол өз жолағымен кетіп бара жатқан.
"Жол талғамайтын көлік менің жолымды қиып кетті, оң жаққа қарай бірден бұрылуыма тура келді. Соққы қатты болған жоқ, әйел капотқа құлады", - деді ол.
Зардап шеккен әйел Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.
"1968 жылы туған әйелдің тізе буыны сынған. Полицейлер сол жерде жол апатының схемасын жасады. Олардың сөзіне қарағанда, жүргізуші әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - делінген жарияланымда.