Ақтауда жүргізуші бес автокөлікті соқты

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда жүргізуші бес автокөлікті соқты © lada.kz

Ақтауда жүргізуші қыз Mitsubishi Pajero көлігін жүргізіп келе жатып бес автокөлікті соққан: Lexus, Toyota Camry, Opel Vectra және Hyundai Sonata. Оқиға 16 қарашада 17-шағынауданда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ладаға" сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, көлік аударылып, жол бойында тұрған көліктерге зиян келтірген.

Оқиға орнына жедел жәрдем, патрульдік экипаж барған. Қыз полицияға көлік жүргізу кезінде кенет ауырып, көлікті басқара алмай қалғанын айтқан.

Жол апатынан зардап шеккен адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген, дәрігердің қарауынан кейін үйіне жіберілді.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айып тұрағына қойылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети