9 қыркүйекте 10:30 шамасында Ақтауда 28А ықшамауданындағы кафелердің бірі өртенді. Өрттің қалай шыққаны анықталып жатыр. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері Жасұлан Айнабек мәлімдеді, - деп хабарлайды "Лада".

Өрт аумағы - 80 шаршы метр.
"Қалалық өрт сөндіру жеке құрамы өртпен арпалысты. Осы оқиға - нысанда өрт қауіпсіздігін сақтамаған жағдайда қайғылы оқиғаға душар болатынының айқын мысалы. Электр желілерін, құрылғыларды уақытылы тексеріп тұру керек. Отты ашық қолдануға болмайды. Қаланың барлық кәсіпкерлеріне сабақ болсын", - деді Жасұлан Айнабек.
© Жасұлан Айнабек