27 қаңтар 2020 | 16:45

Ақтауда қандаланы улау кезінде алты жасар бала қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sosedi-online.ru © sosedi-online.ru

Ақтауда әйелдің қандаланы улау салдарынан алты жасар бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облыстық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда әйелдің қандаланы улау салдарынан алты жасар бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облыстық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтау қалалық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы 2-бөлігі бойынша 13-ықшамауданның тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол көршілеріне ескертпей өз үйінде қанадаланы улаған. 

Сотта сотталушы Н. Ақтау қаласындағы базарлардың біріндегі жәндіктерге қарсы препараттарды сататын дүкеннен Қазақстан Республикасы және Кедендік Одақ аумағында тіркелмеген, ауыл шаруашылығында, астық сақтау қоймаларында әртүрлі зиянкестерді жоюға арналған, адам үшін қауіптілігі бойынша 1-санатқа жататын, өте қауіпті, тұрғын үй жайларда қолдануға тыйым салынған Үндістан Республикасында өндірілген "Квикфос" дәрісін сатып алып, өзі тұрып жатқан пәтерінде көршілеріне ескертпестен, үйдің барлық бөлмелеріне "қандала жәндігіне қарсы" шамамен 4-5 дәріні қағаздың үстіне жайып, бөлмелердің әр бұрышына қойып, ауа өтетін қуыстарды скотчпен жауып, пәтердің есігін құлыптап, кетіп қалған", - делінген хабарламада. 

Соның салдарынан жасөспірім Ж., Маңғыстау облысы балалар ауруханасының қабылдау бөліміне "химиялық уланумен" түсіп, аурухананың жансақтау бөлімінде ес жимастан қайтыс болған.

"Ақтау қалалық сотының үкімімен Н. ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтеу белгіленді", - делінген хабарламада. 

2020 жылы 23 қаңтарда Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық сот алқасының қаулысымен жоғарыда аталған іс бойынша үкім өзгеріссіз қалып, қорғаушының апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети