07 шілде 2014 14:39

Ақтауда қария жетінші қабаттан құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға орны. ©Lada.kz Оқиға орны. ©Lada.kz

Ақтауда кәрі әйел жетінші қабаттан құлап, қайтыс болды, - деп хабарлайды Lada.kz. Оқиға 7 шілде күні таңертең қаланың 11-ықшамауданындағы 6-үйде болған. 


Ақтауда кәрі әйел жетінші қабаттан құлап, қайтыс болды, - деп хабарлайды Lada.kz. Оқиға 7 шілде күні таңертең қаланың 11-ықшамауданындағы 6-үйде болған. 

Оқиға орнына келген полиция әйел құлаған пәтерде және үйдің маңында жедел тергеу шараларын жүргізді. Құқық қорғау органдары өкілдерінің топшылауынша, бұл суицид болуы мүмкін. Көршілердің айтуынша, марқұм шамамен 80 жаста болған. Полиция қасақана кісі өлтіру қылмысы туралы болжамды жоққа шығарып отыр.

Бұған дейін 28 наурызда дәл осындай қайғылы оқиға Атырау қаласында болған еді. 100 жастағы кейуана төртінші қабаттағы балконнан құлап кетіп, жан тапсырды. Марқұм Анфиса Зарщикованы төтенше оқиғадан 20 күн бұрын облыс басшылары 100 жасымен құттықтаған болатын. Ол 1914 жылы туып, аштықты, соғысты, соғыстан кейінгі тоқырауды көрген, бірақ өмірінің соңына дейін ақыл-есінен алжаспаған еді, денсаулығы да тың болатын. Бірақ мерейтойы кезінде оған ұзақ ғұмыр тілегендерге ол өмірден жалыққанын айтқан. Полиция бұл жайттың суицид не жазатайым оқиға екенін анықтайтын болады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети