Ақтауда қоқыстан жаңа туған сәбидің денесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда қоқыстан жаңа туған сәбидің денесі табылды Видеодан алынған кадр

Ақтауда қоқыс арасынан жаңа туған сәбидің денесі табылды. Қазіргі уақытта полицейлер сәбидің анасын іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда қоқыс арасынан жаңа туған сәбидің денесі табылды. Қазіргі уақытта полицейлер сәбидің анасын іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Арнайы көліктің жүргізушісі Бердәулет Кемалов қаладағы қоқыс контейнерлеріндегі тұрмыстық қалдықтарды әдеттегісінше тиеп, қала сыртына әкеп төгіп жатқан. Ал сәбидің денесін сонда қоқыс сұрыптап жүргендердің бірі тауып алыпты.

"Бөтелке жинайтын келіншектің біреуі тауып алған. Сөйтіп полицияға хабар берген. Сосын ертеңіне полицияға барып тапқан жерімді көрсетті", - дейді жүргізуші.

Телеарнаның мәліметінше, полициядағылар осы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

"Бұл дерек "Адам өлімі" бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Полицейлер сәбидің анасын іздестіріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Анасы анықталып, сараптама нәтижелері дайын болған соң қылмыстық істің нақты қай бап бойынша қозғалатыны анықталады", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер "Лада" басылымына.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети