28 желтоқсан 2016 | 17:06

Ақтауда көліктің жол жөндеушіні қағып кеткен сәті видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Әлеуметтік желіде автомобильдің "Қала жолдары" ЖШС қызметкерін қағып кеткені түскен видео жарияланды. Оқиға Ақтау қаласының 15 ықшамауданында болған, - деп хабарлайды "Лада"


Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде автомобильдің "Қала жолдары" ЖШС қызметкерін қағып кеткені түскен видео жарияланды. Оқиға Ақтау қаласының 15 ықшамауданында болған, - деп хабарлайды "Лада"

Оқиға автожүргізушінің видеотіркеу құрылғысына түсірілген. Оқиға 21 желтоқсанда күндіз 15-ші ықшамауданында болған. Видеоның кадрларында автомобильдің ықшамауданнан шығып келе жатып, "Қала жолдары" ЖШС қызметкерін қағып кетеді.  

Маңғыстау облыстық ауруханасының жарақат бөлімнің мамандарының айтуынша, зардап шеккен әйел жеңіл жарақат алған. 

"Зардап шегуші 21 желтоқсанда 16:04-те өзі ауруханаға келген. Оның сол аяғы жараланған, гемартроз. Дәрігерлер оны қарап шыққаннан кейін, оны үйіне жіберген", - деді ауруханадағылар. 

"Қала жолдары" ЖШС қызметкерлерінің айтуынша, олардың әріптестері арыз жазудан бас тартқан. 

"Әріптесіміз өзін жақсы сезінеді, қазіргі уақытта сырқатқа байланысты демалыс алды", - деді "Қала жолдары" ЖШС басшысы Сергей Бермухамедов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети