Ақтауда караоке-клубтың маңында ер адамды ұрғандар видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada сайтына сілтеме жасап.
Ақтауда караоке-клубтың маңында ер адамды ұрғандар видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 9 қазанға қараған түні 7-мөлтек аудандағы караоке-клубтың маңында болған. Ер адамды ұрғандар бақылау камерасының объективіне түсіп қалған. Видео кадрларынан бірнеше жігіт жерде жатқан адамды қоршап алғанын, ал біреуі оның басынан теуіп жатқанын көруге болады.
Полиция бұл жағдай бойынша ешкім хабарласпағанын айтты, бірақ жедел басқару орталығының операторы оқиғаны бақылау камерасынан көріп, жақын маңдағы полиция экипажын сол жаққа жіберген.
Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері төбелескендердің бәрі бір-бірімен таныс екенін білді. Олар бір-бірінің үстінен ешқандай шағым немесе арыз түсірмеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!