Ақтауда краннан аққан көгілдір су жұртты шошытты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда краннан аққан көгілдір су жұртты шошытты Видео кадры

Ақтауда краннан аққан көгілдір түсті су жұртты шошытты, - деп хабарлайды "Лада".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда краннан аққан көгілдір түсті су жұртты шошытты, - деп хабарлайды "Лада".

Басылым мәліметінше, оқиға 6 маусымда болған. 17-шағынаудандағы 93-үй тұрғындарының айтуынша, краннан мөлдір ауыз су орнына көгілдір су аққан. Мұны көрген тұрғындар аң-таң болған.

Видео кадрларында краннан белгісіз көк түсті сұйықтық ағып тұрғаны көрінеді.

"Біз тіпті судың сарғыш немесе лай болып келетініне үйреніп қалғанбыз, бірақ судың мұндай түсін бірінші рет көріп отырмыз. Көгілдір сұйықтық краннан жарты сағаттай ағып тұрды да қайтадан түсі ақ болып өзгерді", - деп шағымданды Ақтау тұрғыны.

Әйелдің айтуынша, сұйықтықтан сабын иісі шыққан. Оқиғаның себебін тілшілер коммуналдық қызметтен анықтап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети