Ақтауда қыздың көмек сұрап жанұшыра жылаған видеосы тарады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда қыздың көмек сұрап жанұшыра жылаған видеосы тарады видео кадры

Ақтауда қыздың көмек сұрап жылаған видеосы тарады. Оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда қыздың көмек сұрап жылаған видеосы тарады. Оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Видео әлеуметтік желіде жарияланды. Кадрлардан ер адам қыздың қолынан жібермей ұстап тұрғаны, ал қыз "көмектесіңдер" деп айқайлап жылағаны көрінеді. Оқиға 11-шағынауданда Ынтымақ алаңында болған.

Маңғыстау полициясы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, қыздың телефоны ұрланған.

"20 шілдеде сағат 2:30 шамасында "102" кезекші пультіне белгісіз біреу жәбірленушіні қорқытып, оның "Самсунг" маркалы ұялы телефонын ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткені туралы қоңырау түсті. Осылайша, күдікті 100 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген", - деп хабарлады ведомство.

Күдікті анықталып, оны ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі ("Тонау") бойынша Ақтау қалалық ПБ соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды", - деп қосты тәртіп сақшылары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети