29 қазан 2019 | 17:59

Ақтауда мас жүргізуші екі адамды қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда Lexus LX 570 жүргізушісі жолды қарсы бетіне өтіп кетіп, жаяу жүргіншілерге арналған жолда екі адамды - ер мен әйелді қағып, ары қарай жеңіл автокөлікке соқтығысқан, - деп хабарлайды "Лада"


Ақтауда Lexus LX 570 жүргізушісі жолды қарсы бетіне өтіп кетіп, жаяу жүргіншілерге арналған жолда екі адамды - ер мен әйелді қағып, ары қарай жеңіл автокөлікке соқтығысқан, - деп хабарлайды "Лада"

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, қыз баланы Маңғыстау облыстық ауруханасының травматологиялық бөліміне жеткізілген. 

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы тағы бір адамды, соқтығысу кезінде жеңіл көлікте отырған ер адамды ауруханаға жеткізді. Оның жабық түрде бас сүйек миы шайқалған және зақым келген. Сондай-ақ, сол иығы сырылған. 

" Lexus LX 570 жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 3-бөлігі ("Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру") бойынша әкімшілік хаттама толтырылған", - деді Маңғытсау облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Жол апатына кінәлі адамның көлігі айып тұрағына жеткізілді. Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны үшін ол бес жылға көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін. 

Читайте также
Join Telegram
Мұнай бағасы құлдырады
Жаңа министр ант қабылдады

Валюта бағамы

 480.4   533.87   5.33 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети