Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Ақтауда мектеп-интернаттың тәрбиеленушісі мекеме ғимаратында бала босанып алды

08 Сәуір 2015, 14:46
0
@REUTERS
@REUTERS

Ақтаудағы облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың 16 жастағы тәрбиеленушісі жасырын түрде бала босанып алды, - деп хабарлайды Tumba.kz. Оқушы қыз 16 ақпанда интернаттың ғимаратында босанған.  Дегенмен, бұл туралы енді ғана белгілі болып отыр.

"А. есімді 16 жастағы интернат тәрбиеленушісі түнгі сағат 3.00 шамасында мектеп басшылығынан жасырынып, интернат ғимаратында босанды деген хабарлама келіп түсті", - деді қалалық проурордың көмекшісі Айгүл Бөлекбаева.

Сонымен қатар, мектеп басшылығы мен мұғалімдер кәмелетке толмаған қыздың жүктілігінен де, интернат ғимаратында жасырын босанғанынан да бейхабар болып шыққан. Басылымның айтуынша, Ақтау прокуратурасы берілген деректермен таныса отырып, Маңғыстау облыстық білім бөлімі басшылығына болған оқиғаға байланысты шара қолдану туралы ұсыныс жасады. Нәтижесінде мектеп-интернат қызметкерлерінің біреуі жұмыстан босатылып, тағы бес адам қатал жазаға тартылды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай