Ақтауда Mercedes жүргізушісі жол апатына ұшырады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда Mercedes жүргізушісі жол апатына ұшырады Маңғыстау облысы ДП баспасөз қызметі

Ақтауда Mercedes жүргізушісі жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда Mercedes жүргізушісі жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 8 қарашаға қараған түні 21.50 шамасында болған. Осы уақытта 102-ге 17 және 18-шағынаудандар арасындағы жол-көлік оқиғасы туралы қоңырау түскен.

"Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі Toyota Corolla автокөлігіне жол бермей, соқтығысып қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам оқиға орнында қайтыс болды. Зардап шеккен бір адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлады ведомстводан.

Қазір анықтаушылар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Маңғыстау облысы ДП баспасөз қызметінің суреті

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети