Ақтауда металл іздеушілер зиратты тонап кеткен. Қала тұрғындарының айтуынша, зират қоршаулары үнемі жоғалып кетеді әрі тонаушылар бірден бірнеше данасын әкетеді. Жұрт осы мәселеге байланысты шенеуніктерге жүгінді. Билік бұл мәселені білетін болып шықты, бірақ әлі шеше алмай отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Ақтау тұрғыны Елизавета Степановна анасының қабіріне келіп, бірнеше қабірде қоршау жоқ екенін байқаған. Әйелдің айтуынша, тонаушылар зираттың периметрі бойынша бұзады, сонда ғана металды қоршаудан оңай лақтыруға болады.
"Зират герметикалық жағынан жабылуы керек. Бұл жағдай бұрын да болған, тіпті ескерткіштерді де әкеткен. Бірақ ол кезде бір-бірден еді, қазір жаппай солай", - дейді әйел.
Шенеуніктер үш зиратта металл қоршаулар ұрланғанын айтты. Сонымен қатар, күзетшілерге оларды бақылап отыру физикалық жағынан мүмкін емес екені айтылды. Жарықтандыру жүйесі мен бейнебақылау камераларын орнату мәселені шешуге көмектеседі, бірақ қала билігі оған әлі ақша бөлмеген.
"Оларға жаздық, қазір жауап күтіп отырмыз. Камера ғана емес, жарықтандыру, жолдарға асфальт төсеу, ауызсу тарту мәселесі бар. Бейнебақылау камералары мен жарықтандыру - тығырықтан шығатын жалғыз жол", - деп жазды "Ақбота" МКК директорының міндетін атқарушы Мұратбай Көпенов.
Телеарна тілшісінің мәліметінше, биыл Ақтау зираттарына 10,5 миллион теңге бөлінген, бірақ коммуналды кәсіпорын басшысы вандализм мәселесін шешу үшін тағы 17 миллион теңге қажет екенін айтқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!