Ақтауда полицейлер мен жүргізушінің арасында болған жанжал видеоға түсіп қалды, деп хабарлады lada.kz.
Ақтауда полицейлер мен жүргізушінің арасында болған жанжал видеоға түсіп қалды, деп хабарлады lada.kz.
Порталдың мәліметінше, оқиғаның видеосы Желіде тараған.
Видеодан құқыққорғаушылардың Renault Sandero көлігінің жүргізушісін жерден тұрғызып алғанын көруге болады. Полицейлердің біреуі көліктің кілтін алып, ер адамды қызметтік көлікке қарай әкетеді.
"Lada.kz редакциясы Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінен ресми жауап күтіп отыр", - делінген жарияланымда.
Айта кетейік, өткен аптада осыған ұқсас оқиғаның видеосы жарияланды. Ол кезде полицейлер мен жүргізушінің жанжалы Ақтаудағы 31А, 31Б, Шығыс-2 және Шығыс-3 шағын аудандардың арасындағы даңғылда болған.