03 қараша 2017 | 10:13

Ақтауда полицейлер сауда орталығын қопарған КамАЗ жүргізушісін қуалап, әзер тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© lada.kz © lada.kz

Ақтауда полицейлер КамАЗ жүргізушісінің артынан қуды. 2 қарашада cағат 22:00-де болған осы оқиғаның видеолары пайда болды, - деп жазады "Лада".


Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда полицейлер КамАЗ жүргізушісінің артынан қуды. 2 қарашада cағат 22:00-де болған осы оқиғаның видеолары пайда болды, - деп жазады "Лада".

Полицейлердің жүк көлігін қуып келе жатқанын көрген куәгерлердің айтуынша, КамАЗ ережені бұзып қозғалып келе жатқан - бір жақтан екінші жаққа ауысып. Оның артынан бірнеше патрульдік көлік қуалаған. "Біз әйеліміз екеуіміз жол шетінде көлікте отырдық. Бір кезде "мигалкалар" көбейіп кетті. Біреуді қолқалап бара жатқан болар деп ойладық. Сөйтсек, олар КамАЗ жүргізушісін қуалап келе жатыр екен. Мен бірден досыма айттым. Ол маған дәл осы КамАЗ-дың "Мясная лавка" сауда павильонын қиратып кеткенін айтты. Оның артынан бірнеше патрульдік көлік қуалап жүрді", - деді куәгер. 

Оның айтуынша, жүк көлігінің артынан қуалау шарасы тасжолдың бойында "АПМЗ" ЖШС мен бұрынғы теміржол депосының аралығында жалғасқан. Полицейлер КамАЗ алдына дөңгелек жарғыш тізбекті тастаған. Сол жерде құқық қорғау органдары қызметкерлері жүргізушіні ұстаған.  

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети