19 желтоқсан 2015 19:02

Ақтауда полицейлердің автокөлікті қуған сәті видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Маңғыстаулық полицейлердің "ВАЗ-2106" автокөлігін қуған сәті түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды TengrinewsTV.


Маңғыстаулық полицейлердің "ВАЗ-2106" автокөлігін қуған сәті түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды TengrinewsTV.

Лада басылымының мәліметінше, оқиға 17 желтоқсанда Ақшұқыр-Ақтау тас жолында шамамен сағат 21.00-де болған. Кадрдан патрульдік екі экипаждың "ВАЗ-2106" автокөлігін қуып бара жатқанын көруге болады. Жүргізуші тоқтат деген бұйрыққа қарамастан, қозғалысты жалғастырған.

"Полицейлердің көліктері жолды жапқанда тәртіп бұзған жүргізуші екі мәрте сытылып шықты. Алайда тәртіп сақшылары ақыры автокөлікті тоқтатып, жүргізушіні ұстады. Маңғыстау облыстық ІІД мамандары бұл видеоға қатысты комментарийді кейінірек беруді уәде етті", - делінген жарияланымда.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети