Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері Ақтауда полицейлердің неліктен автобус аялдамасында тұрғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Lada.kz порталына сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері Ақтауда полицейлердің неліктен автобус аялдамасында тұрғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Lada.kz порталына сілтеме жасап.
Осыған дейін қала тұрғындары 33-ықшамауданға барар жолдағы аялдамада полицейлер көлігінің тұрғанын түсірген еді. Видео авторы Daewoo Nexia автокөлігін тоқтатып, өздері де автобус аялдамасына тоқтаған полицейлердің әрекетіне шүйлікті.
Ер адам құқық қорғау органдары қызметкерлеріне жақындап, олардың жол ережесін бұзып тұрғандарын мәлімдеді. Полицейлер болса, дәл сол уақытта автобустардың жоқтығын айтып, видео авторын көліктердің қозғалысына кедергі келтірмеуі үшін ары қарай қозғалысты жалғастыруын өтінген. Видео авторымен сөйлескен полицей өз есімін атаудан бас тартты.
"Қызметтік тексеру жүргізілді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 36-бабына сәйкес полицейлердің әрекеті дұрыс. Hundai Accent автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқару кезінде телефон пайдаланған, ал Daewoo Nexia жүргізушісі рұқсат етілмеген құрылғыны (жарық түстері мен дыбыс сигналы) көлігіне орнатқан", - деді Маңғыстау облыстық ІІД өкілдері.
Ведомстводағылардың айтуынша, видеоға түсірген жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 591-бабы 1-бөлігі және 597-бабы 3-бөлігі бойынша айыппұл салу қарастырылып жатыр. Жалпы айыппұл мөлшері - 36 075 теңге.