19 шілде 2021 | 21:56

Ақтауда сотталушылар жатқан жатақхана қирады: қаза тапқандар бар

Иллюстрация. © Тұрар Қазанғапов

Маңғыстау облысында колония ғимараты құлады. Екі адам қаза тауып, жеті адам жараланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысында колония ғимараты құлады. Екі адам қаза тауып, жеті адам жараланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі мәліметінше, бүгін сағат 16.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/6 мекемесінде сотталғандарға арналған жатақханалардың бірінің екі қабатты ғимараты ішінара қираған.

"Қазіргі уақытта оқиға кезінде жатақхана ішінде 10 адам болғаны анықталды, олардың 9-ы шығарылды. Нәтижесінде 2 сотталған адам алған жарақаттарынан қайтыс болды, қалғандарының жағдайы қанағаттанарлық. Мұқият тексеру үшін жәбірленушілер ауруханаға жеткізілді", - деп ақпарат берді ведомстводағылар.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, мекемеде ТЖД авариялық-құтқару бригадасы, полиция департаментінің, прокуратураның қызметкерлері жұмыс істегені, арнайы техника тартылғаны, тағы бір сотталушыны іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылады.

ҚАЖ комитеті өкілдері 8 (7172) 72-30-40 (Нұр-Сұлтан), 8-776-677-80-77 нөмірлері бойынша сотталғандардың туыстары үшін тәулік бойы call-орталық ашылғанын хабарлады.

"Министрдің орынбасары Арыстанғани Заппаровтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды, оған ҚАЖ комитетінің басшылығы, ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары кірді. Комиссия мүшелері оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына шықты. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Жағдай ІІМ басшылығының ерекше бақылауында", - деп қорытындылады ведомствоғылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная