Ақтауда Toyota Land Cruiser жүргізушісі балалы әйелді қағып өлтірді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда Toyota Land Cruiser жүргізушісі балалы әйелді қағып өлтірді

Ақтауда Toyota Land Cruiser жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан балалы әйелді қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда Toyota Land Cruiser жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан балалы әйелді қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 20 желтоқсанда 16 және 19-шағынаудандар арасында болған. Полиция қызметкерлері 23.45-те шақырту түскенін мәлімдеді.

"Toyota Land Cruiser жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Нәтижесінде, 29 жастағы әйел алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды", - деді облыстың Полиция департаменті өкілі.

Бес жасар қыз Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізілгені, кейін ол да есін жимастан қайтыс болғаны белгілі болды.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жағдайда бұзуы" бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Құқық қорғау органдары қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети