24 тамыз 2014 | 15:51

Ақтауда үстіне теледидар құлаған бала комаға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©tumba.kz ©tumba.kz

Ақтауда үш жасар бала үстіне жоғарғы қабаттан теледидар құлағаннан кейін комаға түсті, - деп хабарлайды Tumba.kz. Оқыс оқиға 23 тамыз күні кешкі сағат тоғыздардың шамасында болды.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда үш жасар бала үстіне жоғарғы қабаттан теледидар құлағаннан кейін комаға түсті, - деп хабарлайды Tumba.kz. Оқыс оқиға 23 тамыз күні кешкі сағат тоғыздардың шамасында болды.

Белгісіз біреулер Ақтаудың төртінші ықшамауданындағы №3 үйдің терезесінен сыртқа теледидарды лақтырып жіберген. "Зардап шеккен баланың 13 жастағы әпкесінің айтуынша, бұл кезде олар көшеден үйге қайтып келе жатқан. №3 үйдің жанынан өтіп бара жатқанда, ол баладан сәл көз жазып қалған. Сәби қоқыс контейнерінің жанына жақындаған сәтте бесінші не алтыншы қабаттан біреулер теледидарды тастап жіберген. Теледидар баладан бір метр қашықтыққа түсті. Оның бір бөлшегі балаға тиген, соның салдарынан ол есінен танып қалады", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Сәрсенбаев.

Бала ес-түссіз күйде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. "Ол жабық бас-ми жарақатын алған, қазір комада жатыр. Хирургиялық операция жасауға нұсқау берілген жоқ. Барлық қажетті рәсімді жасадық", - дейді хирургиялық бөлімнің дәрігері. Дәрігерлер баланың жағдайы жақсарады деп отыр.

Қазіргі уақытта учаскелік полицейлер теледидар лақтырғандарды іздестіріп жатыр.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети