04 қыркүйек 2014 | 15:13

Ақтауда ұзақ уақыт бесіктен шығарылмаған сәби ауруханаға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©lada.kz ©lada.kz

Ақтауда ата-анасының қатігездігін көрген бір жасар сәби ауруханаға түсті, - деп хабарлайды "Лада." Дәрігерлердің мәліметінше, бала дүниеге келгенінен бастап, бесіктен шығарылмаған.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда ата-анасының қатігездігін көрген бір жасар сәби ауруханаға түсті, - деп хабарлайды "Лада." Дәрігерлердің мәліметінше, бала дүниеге келгенінен бастап, бесіктен шығарылмаған.

Ұл баланың бұлшықеттерінің бұралаңданып қисайғаны, беті мен басында қанды ісік пайда болғаны, құйрығының жараланып, іріңдегені анықталды. "Ауруханаға түскен кезде бала өте лас болды. Тексеру хаттамасына қарағанда, одан орта деңгейдегі дистрофия, яғни салмағының бір жастағы балаларға тән салмақтан екі есе аз болуы анықталды. Одан неврологиялық ауытқушылық та байқалды. Бала тынымсыз, сөйлемейді, дыбысты елемейді. Бір жастан азса да, бұлшықет бітімінің бұзылуынан ол отыра алмайды. Соған қарағанда, бала бесікке таңылып, одан бірде-бір рет шығарылмаған, қозғала алмаған", - дейді облыстық балалар ауруханасының педиатр-гематологы Назгүл Қисықбасова. Дәрігерлердің айтуынша, баланың лас памперсінің асты іріңдеп, құрттаған. Бала әбден ашыққан.

Науқас сәби Мұнайлы ауданының фельдшерінің арқасында ауруханаға жеткізілді. Ол күннің көзінде бесікке таңылған баланы кездейсоқ көріп қалған. "Сыртта бесікке бөленген бала жатты. Ыстықта. Оның жүдеулігіне көзім түсті, киімі лас болды. Мен "жедел жәрдемді" шақырдым", - дейді фельдшер. Бұл үйге дәрігерлермен бірге полиция да келді. 

Кішкентай Ақнұрдың әжесі болса, сәбиді тиісінше бағып отырғанын айтты. "Біз оны жақсы бағып-қағып отырмыз. Тамақ беріп, жуындырамыз", - дейді әйел. Сәбидің әкесі де балаға қатігездік жасамағанын айтып отыр. Оның айтуынша, Ақнұрдың анасы із-түссіз кеткеннен кейін бұл басқа әйелмен тұрып жатыр, бірінші әйелімен некеге отырмағандықтан, Ақнұрдың туу туралы куәлігінде оның әкесі ретінде жазылмаған. 

Қазіргі уақытта полицейлер бұл дерекке қатысты материалдар жинастырып жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети