04 қазан 2016 | 16:57

Ақтауда зорланған 6 жасар қыздың жағдайы күрт нашарлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© caravan.kz © caravan.kz

Ақтауда зорланған 6 жасар қыздың жағдайы бірнеше күннен бері нашарлап жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның әжесі Любовь Александровна хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда зорланған 6 жасар қыздың жағдайы бірнеше күннен бері нашарлап жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның әжесі Любовь Александровна хабарлады.

"Қазір ауруханада қыздың ата-анасы мен тағы бір әжесі жүр. Қыздың жағдайы нашарлап жатыр, қыз ісіне бастады. Егер осыған дейін оған келушілерді 2 рет кіргізетін болса, қазір тек бір рет кіруге рұқсат етіп отыр. Қатты зақым алған. Біріншіден, оны тұншықтарған, ал екіншіден, ол бірнеше сағат бойы аптап ыстықта ес-түссіз жатты. Оның миының қызметі тоқтаған", - деді ол.

Еске салайық, оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болған. Жоғалған қыздың туыстары оны бастапқыда өздері іздеген. Арада 2,5 сағат өткеннен кейін олар полицияға хабар берген. Полициядағылар қыздың сол күні 17.30 шамасында табылғанын хабарлаған. Қыздың жағдайы ауыр болған, көп қан жоғалтқан, күн өтіп кеткен. Тәртіп сақшылары оны "Нұр Плаза" жағалауына қарама-қарсы саяжайдан тапқан. Осы дерекке "Зорлау" бабы бойынша қылмыстық істің қозғалғаны белгілі. 

29 сәуірде Астанада дәрігерлер Ақтауда зорланған 6 жасар қыздың жағдайын айтып берген болатын. "Қазір қыздың жағдайы аса ауыр, коматоз күйде жатыр. Оның өкпесіне аппарат қосылды. Интенсивті терапия алып жатыр", - деді Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының баспасөз қызметіндегілер. 

Сонымен қатар, осы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Ақтау қаласынан Астана ауруханасына жеткізілген алты жасар қыздың денсаулығы жайында мәлімдеме жасаған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети