30 маусым 2015 | 13:04

Ақтауда зорланған әйел полицияға хабар беруден бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ostrana.ru ©Ostrana.ru

Ақтауда зорланған әйел полицияға хабар беруден бас тартты, - деп хабарлайды Lada.kz. 1 ықшамдауданының тұрғындары болған қылмыс жайлы полицияға хабар берді. Олар ІІД жедел басқару орталығының кезекші бөліміне хабарласып, пәтерлердің бірінде зорлық болып жатқанын және мекенжай бойынша келуін сұраған.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда зорланған әйел полицияға хабар беруден бас тартты, - деп хабарлайды Lada.kz. 1 ықшамдауданының тұрғындары болған қылмыс жайлы полицияға хабар берді. Олар ІІД жедел басқару орталығының кезекші бөліміне хабарласып, пәтерлердің бірінде зорлық болып жатқанын және мекенжай бойынша келуін сұраған.

Оқиға орнына келген жедел топ пәтер есігін қағады. Есікті 25 жастағы тұрғын ашты. Расында да, оның пәтерінде №2 үйдің 37 жастағы тұрғыны болыпты.

Тәртіп сақшылары әйелдің айқайлап, көмекке адам шақырғанын анықтады. Алайда жәбірленуші арызданудан бас тартты. Еске салайық, екі ай бұрын осыған ұқсас оқиға болған еді. Ақтаудың №4 ықшамауданындағы тұрғындар көрші пәтерлерінен зорланып жатқан әйелдің даусының шығып жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары Мұнайлының 19 жастағы тұрғынын зорлаудан амал алып қалған. Пәтерде тәртіп сақшылары төрт ер адамды ұстады. Олар қызды пәтерге алдап кіргізіп алып, зорлағысы келіпті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети