18 қыркүйек 2014 | 15:22

Ақтаудағы баланың жарақаты бесіктен болмаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©lada.kz/Светлана Антонова ©lada.kz/Светлана Антонова

Ақтаудағы бір жасар баланың жарақаты бесікке ұзақ уақыт таңылғаннан емес болып шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтаудағы бір жасар баланың жарақаты бесікке ұзақ уақыт таңылғаннан емес болып шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева айтты.

Балаға "балалар церебраль параличінің жеңіл формасы" деген диагноз қойылған. "Ол бір жасқа толғанда қадам бастырғының көмегімен тәй-тәй басуды үйреткен. Бірақ бала әлсіз болғандықтан, оның сүйегі сынған. Соған байланысты оған ұзақ уақыт бойы ғаныш таңылған, ал ол баланың құйрығын ойып тастаған", - деді Нұрғазиева, оның айтуынша, баланың әжесі, атасы мен әкесі бар.

Еске сала кетейік, Ақтауда бұлшықеті қисайған, басында қанды ісігі, құйрығында ойық жарақаты бар бала ауруханаға түскен еді. Кейін оның сал ауруының жеңіл формасына шалдыққаны белгілі болды. Полиция баланың туыстарының әрекетінен қылмыс құрамын таппады, бірақ кейін әкесі "Ата-аналар мен басқа да заңды өкілдердің бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттемелерді орындамауы" бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Баланың жағдайы жергілікті фельдшерлердің бірінің арқасында жария болды, жуырда оның осы ақпарат үшін жұмыстан шығарылғалы жатқаны хабарланды. Бірақ кейін бұл ақпарат расталмады.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети