Ақтаудағы 4-ықшамауданында болған төтенше оқиға кезінде газ баллоны жарылмаған болып шықты, - деп хабарлайды "Лада". Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтауда көпқабатты тұрғын үйде газ баллонының жарылғаны хабарланған болатын.

Маңғыстау облыстық ТЖД апаттық-құтқару жұмыстары және өртсөндіру қызметінің мәліметінше, 4-ықшамауданындағы 7-үйде болған өрт қоқыстың тұтануынан басталған.
"Тұрғындардың газ баллоны жарылды деген болжамдары мамандардың тұжырымдарымен сәйкес келмеді. Департаменттің мәліметінше, 8 қазан күні сағат 01.26-да Ақтау қаласы, 4-ықшамауданы, №7 үйдің сегізінші қабатында кіреберісте тұрған қоқыс тұтанған. Сөйтіп, №85 пәтердің есігі, кондиционер мен үйдегі заттар өртенді", - делінген жарияланымда.
Департамент мамандарының хабарлауынша, 50 адам эвакуацияланған, олардың арасында он бала бар. Тұрғындардың үшеуіне алғашқы медициналық көмек көрсетілді, зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 30 адам мен жеті техника жұмылдырылды.